КММ "Комаровка негізгі мектебі"
Ресми интернет-ресурс

Судағы қауіпсіздік: Өзің есте сақта және басқаларға айт!

Судағы қауіпсіздік: Өзің есте сақта және басқаларға айт!
Судағы қауіпсіздік: Өзің есте сақта және басқаларға айт!
Жаз келісімен мыңдаған тұрғындар өз демалысын су жағасында — жағажайларда, көлдер мен өзендерде өткізуге тырысады. Алайда су айдындарындағы демалыс тек жағымды ғана емес, қауіпті де болуы мүмкін. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын Қазақстан Республикасында жүздеген адам жарақат алады немесе суға батып кетеді. Көп жағдайда мұндай қайғылы жағдайлардың себебі — суда өзін-өзі ұстау ережелерін елемеу.
Айыртау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі еске салады:
Суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір азаматтың міндеті!
‼️ Белгіленбеген жерлерде шомылу және су айдындарында тәртіп бұзу ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Ересектер үшін — жеке жауапкершілік, ал кәмелетке толмағандар үшін ата-аналары немесе заңды өкілдері жауап береді.
Судағы қауіпсіздік ережелері:
1. Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз
Айыртау ауданы аумағында тек Шалқар, Имантау және Ақкөл (Белое) көлдерінде шомылуға рұқсат етілген, бұл көлдерде демалыс базалары бар. Басқа су айдындарында суға түсу қатаң тыйым салынады. Рұқсат етілмеген орындарда белгісіз түп, тереңдіктің күрт өзгеруі, ағыс болуы мүмкін — бұл өмірге нақты қауіп төндіреді.
2. Мас күйінде суға түспеңіз
Алкоголь реакцияны баяулатады, қозғалысты үйлестіруді бұзады және жағдайды дұрыс бағалауға кедергі келтіреді. Статистика бойынша, суға байланысты жазатайым оқиғалардың 70%-дан астамы ішімдік ішкен адамдармен байланысты.
3. Балаларға көзқарасты күшейтіңіз
Балалар үнемі ересектердің бақылауында болуы тиіс. Бала жүзуді білсе де, бұл оның қауіпсіздігіне кепіл емес. Нарукавник, жүзу шеңбері, кеудеше — бұл тек көмекші құралдар, бақылауды алмастырмайды!
4. Бейтаныс жерлерде сүңгімеңіз
Суға секірмес бұрын, түбінің тазалығына және тереңдігіне көз жеткізіңіз. Жыл сайын суға секірген кезде омыртқа, мойын және бас жарақаттары тіркеледі.
5. Буйлардан (шектеу белгілерінен) әрі жүзбеңіз
Буйлар — қауіпсіз шомылу аймағын білдіреді. Одан тыс жерде күшті ағыс, иірім, шұңқырлар және басқа да қауіптер болуы мүмкін.
6. Қызудан немесе салқындаудан сақтаныңыз
Күн астында ұзақ жүрген соң бірден суға түсуге болмайды — бұл қан тамырларының түйілуіне және есінен тануға әкелуі мүмкін. Қолайлы шомылу уақыты — 15–20 минут, үзіліспен.
7. Табиғатты және басқа демалушыларды құрметтеңіз
Су қоймаларын ластамаңыз, өзгелерге кедергі келтірмеңіз. «Құтқару» немесе «батып бара жатқан» ойынын ойнамаңыз — бұл қорқыныш пен дүрбелеңге себеп болуы мүмкін.
8. Төтенше жағдайда не істеу керек?
Егер суға батып бара жатсаңыз — қорықпаңыз, сабыр сақтаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз.
Егер оқиғаны көрсеңіз — шұғыл түрде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Батып бара жатқан адамға құтқару құралын (шеңбер, арқан, таяқ) лақтырыңыз. Арнайы дайындығыңыз болмаса, суға жақын бармаңыз — үрейленген адам байқамай сізді де су астына тартып кетуі мүмкін.
Су — бейқамдықты кешірмейді!
Су жағасындағы демалыс қуаныш, денсаулық және жағымды әсер сыйлауы тиіс. Бірақ ұмытпаңыз: қарапайым ережелерді сақтау — сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Өзіңізді сақтаңыз және жауапкершілікпен демалыңыз!
Айыртау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері
Сеитов Р.Т.
Записаться на прием