Комаровка орталау мектебінде "Мектеп парламенті" президентінің сайлау өткізілді.
Сайлауға қатысуға 3 үміткер тіркеліп, өз бағдарламасын ұсынған болатын.Мектеп мұғалімдері мен оқушылары ашық түрде дауыс беріп,өз таңдауларын жасады.
Сайлауды өткізу барысында сайлау ережелері сақталды.
Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 8«а» сынып оқушысы Ашимов Санжар Жанатұлы мектеп парламентінің президенті болып сайланды.
Өзін-өзі басқаруда, мектеп парламенті президентінің жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тілейміз!