Комаровка орталау мектебінде 2-6 желтоқсан аралығында тарих және география апталығына арналған «Қазақстан тарихы мен географиясының білгірлері» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға «Отанды сүю» құндылығын жеткізу, өз еліне деген мақтаныш сезімін ояту, патриоттыққа, азаматтыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: оқушылардың еліміздің тарихы мен географиясына деген танымдық қызығушылығын дамыту; оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру; балалардың шығармашылық қиялын белсендіру;
өз еліне, оның бай тарихы мен қиын тағдырына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Апталыкқа 6-9 сыныптар белсене қатысып, әр команда өздеріне тапсырылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап, сұрақтарға жауап беріп отырды.Апталық соңында әр командаға жүлделі орындар берілді.