КММ "Комаровка негізгі мектебі"
Ресми интернет-ресурс

"Кауіпсіз болашақ" облыстық жобасы аясында "Балалардың қауіпсіздігі" айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай 4 желтоксан күні Комаровка орталау мектебі"КММ-де мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті.

Previous Next
Жиналыс барысында мектеп директоры Дюсенова Асель Жанботаевна алаяқтықтан сақ болу жайында және перзенттеріне қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру мақсатында қыскаша бейнебаянды ата-аналар назарларына ұсынды.
Тәрбие ісінің орынбасары Әдемі Сәлімқызы "Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды" тақырыбында баяндама оқыды . Баяндамада зорлық-зомбылық, кибербуллинг, жол ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас,қауіпсіздік ережелері, түнгі уақытта жүруге тиым салынатындығы т.б мәселелері туралы айтылды.
Оқу ісінің меңгерушісі Рауза Еркінқызы оқушылардың білім сапасы жайында таныстырып өтті.
Әлеуметтік педагог Алтаева Гуляим Кошановна мектеп формасы жайында және оқушылардың мектепке дейінгі жол картасын сызу ,мектепке балаларды шығарып, қарсы алып отыру керектігін атап өтті.
Записаться на прием