Қауіп жақын: Баланың терезеден құлап кетуіне жол бермеңіз!
Күн жылынуымен Қазақстанда балалардың терезеден құлап кету оқиғалары жиілей түсті. Өкінішке қарай, жыл сайын осындай қайғылы жағдайлар кішкентай қазақстандықтардың өмірін қияды немесе ауыр жарақаттарға әкеледі. Көп жағдайда бұл — ата-ананың қараусыз қалдыруы мен қорғаныссыз ашық терезелердің салдары.
Бұл не себепті болады?
• Кішкентай балалар өте қызығушылық танытады және қауіп-қатерді сезбейді.
• Терезе жанындағы жиһаз — бала үшін оңай көтерілуге мүмкіндік.
• Ауа алмастыру үшін ашылған терезе — егер жанында бала болса, тікелей қауіп.
Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек?
• Баланы тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.
• Терезеге арнайы бекіткіштер мен қорғаныс құрылғыларын орнатыңыз.
• Маскіт торына сенбеңіз — ол баланың салмағына төтеп бере алмайды.
• Терезе маңындағы жиһазды алыңыз — бала терезеге шыға алмауы керек.
• Балаларға терезе — ойыншық емес, қауіп екенін ерте жастан түсіндіріңіз.
Ата-аналар! Сіздің зейін — бұл қауіпсіздік!
Бір ғана сәттік бейқамдық — өмірге қауіп төндіреді. Алдын алу шаралары қарапайым, бірақ дәл солар балаларды қайғылы жағдайдан құтқарады.
Үйімізді қауіпсіз етейік. Ешбір бала бейқамдықтың құрбаны болмасын!
Айыртау ауданының төтенше жағдайлар бөлімі